25-05-21 |
490 рет қаралған
Цой: Күзге дейін 95 мың адам вирус жұқтырады.
Цой: Күзге дейін 95 мың адам вирус жұқтырады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық жағдайға қатысты жаңа болжам жасады.

Министр елімізде коронавирустың таралуына байланысты үш түрлі болжамды атады.

«Сонымен, пессимистік сценарий бойынша вакцинация тиімділігі кем дегенде 60 пайызды құраған кезде 2021 жылдың маусым-қыркүйек айларында вирус жұқтырғандар саны 95 мың адамды құрайды.

Екінші, шынайы сценарий бойынша вакцинация тиімділігі кем дегенде 80 пайызды көрсетеді. 2021 жылдың маусым – қыркүйек айларында жұқтырғандар саны шамамен 69 мың адамды құрайды.

Оптимистік сценарий бойынша, вакцинация тиімділігі кем дегенде 95 пайызды құраса, 2021 жылдың маусым – қыркүйек айларында вирус жұқтырған ретінде тіркелгендердің саны шамамен 61 мың адамды құрайды», – деді Цой.

Аурудың ең жас құрбаны: Шымкентте 23 жастағы келіншек коронавирустан көз жұмды

«Қара зеңнің» кесірі: Үндістанда дәрігерлер коронавирустан жазылған науқастардың көздерін ойып алып тастауда
Министр бұл немесе басқа сценарийдің жүзеге асырылуы азаматтардың вакцина салдырудағы белсенділігіне тікелей байланысты болатынын айтты.

«Осыған байланысты вакцинациямен қамтуды арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың вакцинациямен қамтуды ұлғайту және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша шаралар қабылдауы орынды деп санаймыз», – деп қосты министр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.