03-08-21 |
690 рет қаралған
Цой қыркүйек айына да жақсы болжам жасаған жоқ.
Цой қыркүйек айына да жақсы болжам жасаған жоқ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тамыз және қыркүйек айларына арналған коронавирус инфекциясының болжамын жариялады.

Министрдің болжамынша, алдағы айларда да індет жұқтыру көрсеткіші бәсеңдемейді.

«Эпидемиологиялық жағдайдың тамыз-қыркүйек айларына арналған болжамына сүйене отырып, қазір біз оптимистік сценарий бойынша келе жатқанымызды айтқым келеді. Дәл осылай жалғасатын болса, 2021 жылдың тамыз-қыркүйегінде тіркелген жағдайлардың саны шамамен 250 мың адамды құрайды, орташа есеппен күніне жеті мыңға жуық жағдай тіркеледі», – дейді Цой үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, оптимистік сценарийді одан әрі дамыту карантиндік шаралар сақтауға және халықты вакцинамен қамтуды күшейткенде ғана мүмкін болады.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанның төрт өңірі “қою қызыл” аймаққа кіргені туралы жазған болатынбыз. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.