04-05-21 |
510 рет қаралған
Цой: Үндістанға барғандар оқшауланады.
Цой: Үндістанға барғандар оқшауланады

Үндістаннан Қазақстанға келген азаматтар  14 күнге оқшауланады. Эпидемиологиялық ахуалы нашарлаған елге барғандар үй карантиніне жіберіледі.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Министрлік Үндістанда эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты жаңа штаммның елге енуіне жол бермеу үшін қосымша шаралар қабылдады.

«Қазақстанға келетін адамдар, соның ішінде үшінші елдер арқылы, және соңғы 14 күн ішінде Үндістанға барғандар үйде оқшауланады. Үй карантині – 14 күн. Азаматтар коронавирусқа қарсы ПТР анықтамасы болса да, індетке қарсы вакцина алса да, карантинге жіберіледі», – деді Цой үкімет отырысында.

Қазір Үндістанда күн сайын 400 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.