23-02-21 |
570 рет қаралған
ДДСҰ: Биыл да коронавирус жылы болады.
ДДСҰ: Биыл да коронавирус жылы болады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропалық аймағы бюросының басшысы Ханс Клуге коронавирус инфекциясының пандемиясы 2022 жылдың басында аяқталатынын болжады

Ханс Клуге мұндай мәлімдемені Данияның DR телеарнасына берген сұқбатында айтты. Халықаралық ұйым өкілі 2021 жыл да коронавирус жылы болатынын жеткізді. Бірақ жағдай өткен жылға қарағанда жақсарады.

«Нашар сценарий артта қалды. 2020 жылмен салыстырғанда вирус туралы көбірек білеміз. Вирус қалады, бірақ шектеулер қажет болмайды деп ойлаймын. Бұл оптимистік хабарлама», – деді Клуге.

22 ақпандағы ДДСҰ мәліметтері бойынша, бүкіл әлемде COVID-19-ды 110 974 862 адам жұқтырған, оның ішінде 2 460 792 адам өлім құшты.

Ең көп науқастар АҚШ, Үндістан және Бразилияда тіркелді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.