21-07-21 |
960 рет қаралған
Елімізде 1 жастағы сәби өлімі коронавирустан екені ресми хабарланды.
Елімізде 1 жастағы сәби өлімі коронавирустан екені ресми хабарланды

СҚО-да бір жасар бала COVID-19-дан көз жұмды. Дәрігерлер ата-аналарды вакцина алуға шақырды.

«Соңғы үш күнде төрт адам коронавирустан қайтыс болды, олардың бірі – 1 жас 2 айлық бала», – деді СҚО денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Басқарма ақпараты бойынша, ата-ана мен жақын адамдар коронавирусқа қарсы вакцина алса, өлім-жітімнің алдын алуға болады. Балаға вирус тек ересектерден жұғуы мүмкін.

Күн сайын өңірдегі инфекциялық стационарлар реанимациясына кемінде жеті адам түседі, қазір аурухана төсегінде 28 адам ауыр халде жатыр. Инфекциялық орындардың жүктелуі 1 шілдеден бастап 27 пайыздан 47 пайызға дейін артқан. Қазір коронавирустан 400-ге жуық адам емделіп жатыр, 11-і өте ауыр жағдайда және жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлер инфекциялық стационарда COVID-19 вакцинасын салдырған бірде-бір пациент жоқ екенін атап өтті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.