27-03-21 |
420 рет қаралған
Елімізде британдық және оңтүстікафрикалық коронавирус штаммы анықталды.
Елімізде британдық және оңтүстікафрикалық коронавирус штаммы анықталды

Алматыда британдық және оңтүстікафрикалық коронавирус штаммы анықталды. Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин мәлімдеме жасады.

 «Қазіргі уақытта Алматы «қызыл» зонада. Биыл қалада 12 800 коронавирус инфекциялық жағдайы тіркелді. Штамм айналмалы мутациялау жағдайында індетке шалдығудың жоғары көрсеткіші сақталып отыр. Өзгертілген учаскелердің секвенириялы геномдық нәтижесі алынды, коронавирустың британдық және оңтүстікафрикалық штаммына сәйкес келетін мутация анықталды», – деді Бекшин.  

Сондай-ақ, Бекшин қала тұрғындарын маска режимі мен арақашықтықты сақтауға және көпшілік орындарға барудан бас тартуға шақырды. 

«Жаңа штаммының жұғу көрсеткіші жоғары. Осыған дейінгі штамм базасымен салыстырғанжа жаңа штаммның таралу көрсеткіші 70 пайызға жоғары. Яғни бұл инфекция әлдеқайда жұқпалы. Сол себептен де мегаполисте соңғы уақытта індеттің таралу көрсеткіші жоғары болып отыр», – деді ол. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматыда КВИ-мен күрес жөніндегі штабтың көшпелі отырысын өткізді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.