14-04-21 |
530 рет қаралған
Елімізде індет жұқтырған жүзден аса адамның жағдайы өте ауыр.
Елімізде індет жұқтырған жүзден аса адамның жағдайы өте ауыр

Елімізде өткен тәулікте тағы 2229 адам коронавирус жұқтырды. Қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 276 054-ке жетті деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

14 сәуірдегі мәлімет бойынша,  35 821 адам короновирус инфекциясынан  емделуде, олардың ішінде 12 482 пациент стационарда, 23 339 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, індет жұқтырған  579 адамның жағдайы ауыр, ал 162 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Сонымен қатар, 117 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы – 465,

Алматы қаласы – 612,

Шымкент қаласы – 74,

Ақмола облысы – 98,

Ақтөбе облысы – 100,

Алматы облысы – 226,

Атырау облысы – 93,

Шығыс Қазақстан облысы – 25,

Жамбыл облысы – 36,

Батыс Қазақстан облысы – 115,

Қарағанды облысы – 197,

Қостанай облысы – 29,

Қызылорда облысы – 32,

Маңғыстау облысы – 31,

Павлодар облысы – 41,

Солтүстік Қазақстан облысы – 33,

Түркістан облысы – 22.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.