01-06-21 |
1010 рет қаралған
Елде індет жұқтырғадар саны азайды.
Елде індет жұқтырғадар саны азайды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі коронавируспен ауыру деңгейі төмендеп келе жатқанын атап өтті. Өткен аптамен салыстырғанда соңғы жұмада індетке шалдыққандар саны 15 мыңнан 12 мыңға дейін төмендеген.

«Жалпы соңғы айда ауыру көрсеткіші 1,6 есе азайды. Қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуда, өңірлердің қызыл аймақтан біртіндеп шығып жатқаны байқалады, коронавируспен ауыру реалистік сценарий бойынша өрбіп келеді», – деді Цой үкімет отырысында.

Айтуынша, күн сайынғы мониторингке сәйкес елде инфекциялық төсек-орындар 28 процентке (9 984), реанимациялық төсек-орын 24 процентке (777) толы.

Министр тұрақты жағдайды сақтау үшін әкімдіктер вакциналау қарқынын арттырып, халық арасында түсіндіру жұмысын күшейтуі керек екенін айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.