08-04-20 |
430 рет қаралған
Коронавирус анықталғандар саны 709 адамға жетті.
Коронавирус анықталғандар саны 709 адамға жетті

Қазақстандағы коронавирус анықталғандар саны 709 адамға жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тiркелдi, Қызылорда облысында – 3 адам, Ақмола облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам.

Ақмола облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 222 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында – 55 адам, Ақмола облысында – 43 адам, Атырау облысы – 36 адам, Жамбыл облысында – 45 адам, Шымкент қаласында – 20 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 6 адам, Алматы облысында – 10 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 6 адам, Қызылорда облысында – 72 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 33 адам, Қостанай облысында – 3 адам.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.