28-04-20 |
450 рет қаралған
Коронавирус бар-жоқтығын анықтайтын тестен өту қанша тұрады?.
Коронавирус бар-жоқтығын анықтайтын тестен өту қанша тұрады?

фото: regnum.ru

Коронавирустың бар-жоқтығын анықтайтын тестен өту құны 20 мың теңгеге жуықтайды. Мәселен,  «Олимп» клиникалық диагностикалық зертханалар желісінде тесттен өту 19 760 теңге болады. Бұл туралы зертхананың мессенджеріне жіберілген хабарламаға келген жауапта айтылды.

Президенттің мәлімдемесінде айтылғандай, 1 мамырдан бастап Алматы мен Астана арасындағы әуе қатынастары жұмыс істей бастайды. Ал талап бойынша жолаушылар COVID-19 инфекциясы тестінен өтіп тиіс және тесттің теріс нәтиже көрсеткені туралы анықтама болуы шарт. Жолашуылар коронавирус инфекциясына тестті өз қаражаты есебінен ақылы негізде жасатады.

Сондай-ақ ұшу бағытында жеке қорғаныс құралдарын (маскалар, қолғаптар) пайдаланылады және термометрия жүргізіліп, әлеуметтік қашықтықты сақтау, әуежайлар мен әуе кемелерін күшейтілген түрде зарарсыздандыру жүргізіледі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.