26-03-20 |
430 рет қаралған
Коронавирус: Қазақстан Қытайдан 60 мың жедел тест жүйесін сатып алған.
Коронавирус: Қазақстан Қытайдан 60 мың жедел тест жүйесін сатып алған

Қазақстан Қытайдан 60 мың жедел тест жүйесін сатып алған. Келесі аптада тағы да 150 мың жедел тест жүйесі әкелінбек. Бұл туралы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің басшысы Людмила Бюрабекова (суретте) айтты.

«Біз оны тек қана нұсқаулық бойынша пайдаланып отырмыз. Яғни шетелден келіп, карантинде жатқан адамдарды және олармен қарым-қатынаста болған адамдарды тексеруде пайдаланылады. Бұл жедел тест жүйесі профилактика үшін немесе жалпы тексерілу үшін қолданылмайды. Жедел тест коронавирус белгілері байқалған жағдайда ғана қолданылады» деді Людмила Бюрабекова.

Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтерінде елде коронавирус жұқтырғандар саны 97 адамға жеткені хабарлған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.