23-06-20 |
520 рет қаралған
Коронавируспен күрескендерге Астанада ескерткіш қойылмақ.
Коронавируспен күрескендерге Астанада ескерткіш қойылмақ

фото: ortcom.kz

Коронавирус індетінен құтылған соң, Астанада коронавируспен күрескендерге арналған ескерткіш қойылмақ. Бұл турады 23 маусымда «Біз біргеміз» онлайн форумында президент Тоқаев айтты.

«Осы індеттен құтылған соң Елордамызда азаматтарымыздың ерлігіне арналған ескерткіш қоюымыз керек» деді президент.

Сондай-ақ форум барысында коронавируспен күресте алғы шепте болған азаматтарға «Халық алғысы» арнайы медалі берілетіні де белгілі болды.

«Бүгінгі форумда коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіргім келеді.

Осыған орай, мен «Халық алғысы» атты арнайы медаль тапсыруды ұйғардым.

Бұл – осындай қиын-қыстау уақытта аянбай еңбек еткен азаматтарға арналған жаңа мемлекеттік марапат. 

Осы медаль нағыз Отаншыл жандарға тапсырылады деп сенемін.   

Бүгін  «BIZ BIRGEMIZ» жалпыұлттық онлайн-форумы аясында осы медальмен бір топ азаматты марапаттаймыз.

Жалпы, пандемияға қарсы науқанға  белсенді атсалысқан ел тұрғындары  мемлекеттік наградалармен марапатталады» деді президент.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.