07-06-21 |
650 рет қаралған
Оқшаулау ережесін бұзған қазақстандықтар енді айыппұл төлейді.
Оқшаулау ережесін бұзған қазақстандықтар енді айыппұл төлейді

Коронавирус жұқтырып, карантин режимін сақтамаған қазақстандықтарға 10 маусымнан бастап 87510 теңге айыппұл салынады.

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді.

«Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі науқастарды оқшаулау және КВИ-мен ауырғандармен байланыста болғандар үшін арнайы ереже бекітті. Бұл талаптарды орындамағандарға әкімшілік жаза қарастырылмақ. Ереже 2021 жылы 10 маусымда күшіне енеді», – делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылар Ashyq ақпараттық платформасының көмегімен анықталады.

Карантинге жіберіліп, өзін-өзі оқшаулауға міндеттелген адамның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы әкімшілік кодекстің 802-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға және оған әкімшілік жазалар қолдануға негіз болады.

Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушыға 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза қолданылады.

«Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті барлық қазақстандықтарды карантиндік талаптарды сақтауға шақырады және әкімшілік айыппұлдар коронавирус сияқты қауіпті жұқпалы аурулардың халық арасында таралуын бақылауға көмектеседі деп үміттенеді», – деп толықтырды комитет.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.