15-04-21 |
380 рет қаралған
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсті.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсті

Елімізде індет жұқтырғандар саны артты. Бір тәулікте Алматыда 657, Нұр-Сұлтанда 650 адам қауіпті инфекция жұқтырған.

Қазақстанда өткен тәулікте 2 641 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

15 сәуірдегі мәлімет бойынша,  36 436 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 12 451 пациент стационарда, 23 985 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде індет жұқтырған 591 адамның жағдайы ауыр және 172 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Індеті асқынған 127 науқас өкпені жасанды желдету  аппаратында жатыр.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 650,
  • Алматы қаласы – 657,
  • Шымкент қаласы – 111,
  • Ақмола облысы – 85,
  • Ақтөбе облысы – 109,
  • Алматы облысы – 220,
  • Атырау облысы – 113,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 95,
  • Жамбыл облысы – 38,
  • Батыс Қазақстан облысы – 117,
  • Қарағанды облысы – 202,
  • Қостанай облысы – 28,
  • Қызылорда облысы – 65,
  • Маңғыстау облысы – 52,
  • Павлодар облысы – 45,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 26,
  • Түркістан облысы – 28.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 278 695.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.