18-03-21 |
400 рет қаралған
Сәуірде 65 жастан асқандар вакцина алады.
Сәуірде 65 жастан асқандар вакцина алады

Денсаулық сақтау министрлігі сәуірде жасы 65-тен асқан азаматтарды вакциналауды бастамақ.  Егде жастағы қазақстандықтар вакциналаудың алғашқы кезеңінде де екпе алып үлгерген.

Бұл туралы «Arasha.kz» ақпараттық-құқықтық сайты мемлекеттік бас санитар Ерлан Қиясов мәлімдемесін негізге ала отырып хабарлайды.

дәрігер Ерлан Қиясов айтуынша, алдағы уақытта вакцина алатын топтардың аясы кеңейе түспек.

«Сәуірде-ақ тәуекел тобындағы 65-тен асқан тұлғаларға вакцина еге бастаймыз. Вакцинаның өңірлерге жеткізілу қарқынына қарай вакцина алатын топтардың аясы кеңейетін болады», – деді Ерлан Қиясов.

Ол, тіпті, вакциналаудың алғашқы кезеңінде екпе алып үлгерген екен егде жастағы қазақстандықтардың жағдайы да жақсы екенін жеткізді.

«Жасы 60-тан асқан көп адам екпе алды. Қазір олардың жағдайы қалыпты. Осыған қарап вакцина қолайлы екенін көруге болады», – деді Ерлан Қиясов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.