11-08-21 |
430 рет қаралған
Вакцина алған студенттер ғана жатақханаға жатады.
Вакцина алған студенттер ғана жатақханаға жатады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой колледждер мен университеттерді дәстүрлі оқыту форматына көшіру тәртібін түсіндірді. 

«Жоғары оқу орындары мен колледждерді оқытудың дәстүрлі форматына көшіргенде оқытушылар, қызметкерлер, жатақхана мен асхана жұмысшыларын 100 процент вакциналаумен қамту қажет. 18 жасқа толған студенттердің бәрі вакцина алуға тиіс», – деді Цой үкімет отырысында.

Министрдің баяндамасы кезінде барлық санитарлық талаптың слайдтары да көрсетілді. Санитарлық талапқа сәйкес, жатақханаға тек вакцина алған студенттер ғана орналасады. Ал екпе салдырмағандар онлайн оқыту форматына ауыстырылады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.

«Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында оқу корпустары, кітапханалар мен жатақханалардың кірберісінде міндетті түрде «Ashyq» қосымшасы болады. Бұдан бөлек, эпидемияға қарсы санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажет. Ол үшін медицина қызметкерлері оқытушылар мен білім алушылардың денсаулығын қадағалап отырады. Бұқаралық шараларға тыйым салынады. Сондай-ақ дәріс залдарында рециркуляторлар тұруы керек немесе  бөлме іші үнемі желдетілуге тиіс», – деп атап көрсетті Цой.

Министрдің айтуынша, мониторингтік топ колледждер мен университеттерде санитарлық талаптардың сақталуын қадағалайды. Сол үшін топ мүшелерінің құзіреті кеңейтіледі.

Олар оқу орындарына, соның ішінде асханалар мен жатақханаларға емін-еркін кіріп, карантиндік шараларды бақылайды. Ал тәртіп бұзғандар әкімшілік жазаға тартылады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.