27-12-21 |
570 рет қаралған
Иманбек MTV телеарнасы жариялаған үздік музыканттар ондығына кірді.
Иманбек MTV телеарнасы жариялаған үздік музыканттар ондығына кірді

MTV Россия телеарнасы 2021 жылдың музыканттарын жариялады.  Үздік ондыққа қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов (Imanbek) кірді. 

Жылдың үздік он музыканты: Мари Краймбери, Slava Marlow, Муся Тотибадзе, Jony, Imanbek, Мот, Zivert, Ваня Дмитриенко, Mary Gu, Анет Сай.

«Жыл бойы тыңдалған әуендер! «Жыл музыканты» марапаты индустрияға елеулі үлес қосқан талантты орындаушылардың жетістіктеріне арналған. Олар – жоғары сапалы музыка, өзіндік ерекшелік, аудиторияны тану және кәсіби орындаушылық мәдениетті біріктірген түрлі жанрдағы жарқын, өзінше бірегей әртістер», – делінген MTV телеарнасының хабарламасында.

Еске сала кетейік, қазақстандық Иманбек Зейкенов 2019 жылы SAINt JHN – Roses әнінің ремиксін жазып, әлемге танымал болды.

Композиция әлемдік чарттарда бірінші орынды иеленді. Иманбек қазақстандықтардың арасында алғаш болып «Грэмми» сыйлығын алды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.