21-03-24 |
17300 рет қаралған
Наурыз мейрамы күндері әлемнің 26 елінде қазақ күйлері күмбірлейді.
Наурыз мейрамы күндері әлемнің 26 елінде қазақ күйлері күмбірлейді

Наурыз мейрамы аясында бес құрлықта танымал қазақ күйлері күмбірлейді. Күйші Құрманғазы, Дайрабай Ерназарұлы және Түркеш Қалқаұлының композицияларын 26 елдің радио тыңдаушылары тыңдамақ.

Тізімде Түркия, Иран, Болгария, Испания, Литва, Латвия, Венгрия, Хорватия, Польша, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Бразилия, АҚШ, Қытай, Үндістан, Индонезия, Оңтүстік Корея, Малайзия, Тайланд, Марокко, Эфиопия және Оңтүстік Африка радиостанциялары бар.

Шетелдік радиостанцияларда қазақ күйлерін ротациялауды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырды.

Шетелдік радиостанцияларда ротациялау үшін Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің орындауындағы «Көңілашар», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай», «Серпер», «Дайрабайдың күйі» композициялары жіберілді.

«Шығыстан батысқа дейінгі түрлі елдерде белгілі қазақ күйлерін ротациялау –  Қазақстанның бай мәдени мұрасын жаһанға насихаттау үшін жасалған шағын болса да, маңызды қадам және радио тыңдаушыларды домбыра үнімен таныстыратын бірегей мүмкіндік», – деп атап өтті Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.  Сондай-ақ ведомство басшысының айтуынша, радиостанциялардың қазақ шығармаларына деген қызығушылығы осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажеттігін айғақтайды.  Бұл үрдіс жыл сайын қайталанатын дәстүрге айналып, ал шетелдік радиостанциялар қоры басқа да қазақтың музыкалық шығармаларымен толығады деп жоспарлануда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.