24-06-24 |
18830 рет қаралған
Қазақстанда «Қабанбай батыр» ұлттық кино қоры ашылды.
Қазақстанда «Қабанбай батыр» ұлттық кино қоры ашылды

Киноқордың құрылтайшылары Сыдықов Ұлықпан Есілханұлы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері.

Аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» эстрадалық вокальді аспаптар ансамблінің негізін салушылардың бірі, Қабанбай батырдың тікелей ұрпағы.

Ал киноқордың тең құрылтайшысы: Сыздықов Жайық – кинодраматург, әрі продюсер, «Жаужүрек мың бала», «Батырлар» сияқты тарихи фильмдердің, «Ән аға» (композитор Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы туралы) тарихи сериал сценарийінің авторының бірі, «Тәшенев.Тайталас» тарихи сериясы (саясаткер Жұмабек Тәшенев туралы өмірбаян) және басқа да жобалар авторы.

Қор қазақтың біртуар жауынгері Қабанбай туралы тарихи көркем фильм түсіру мақсатында құрылған.

Ол қазақ халқының  ұлт-азаттық қозғалысының батыры атанды. 1723 жылы Қабанбай Қазақ хандығының астанасы болған киелі Түркістан қаласының қорғаныс бастығы болып тағайындалады. Ерекше сіңірген еңбегі үшін Абылай хан Қабанбай батырға «Хан Батыр» және «Дарабоз» атағын береді. Қабанбай батыр дарынды қолбасшы, мемлекет қайраткері ретінде танылды.

Фильмнің сюжеті Қабанбай батырдың теңдесі жоқ күрескер болғандығына негізделмек, ол жоңғардың ең мықты батырларымен 100-ден астам рет шайқасқа шығып, бірде-біреуінде жеңілмеген. Ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Қазақта Найман Қабанбайдан асқан батыр жоқ, Үйсін Төле биден асқан би жоқ»,-деген екен.

Бұл киноқорды құрушылар  батыр бабаларымызды құрметтейтін және мақтан тұтатын азаматтарымызды бей-жай қалдырмайды деп сенеді. Болашақ фильмде достық, намыс, ең бастысы, халқына деген риясыз адалдық сияқты мәңгілік құндылықтар сақталады.

Киноқордың құрылтайшылары мұндай ұлттық фильмдер Жаңа Қазақстанда бұрынғыдан да аса қажет екеніне сенімді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.