12-05-19 |
12090 рет қаралған
Берік Әбдіғалиұлы: Сайлауда кім жеңетіні белгілі.
Берік Әбдіғалиұлы: Сайлауда кім жеңетіні белгілі

Белгілі саясаттанушы, тарихшы Берік Әбдіғалиұлы кезектен тыс президент сайлауында кім жеңетінін айтып, өзі кімге дауыс беретінін де фейсбук парақшасына жазды.

«Сайлау науқаны басталды. Кандидаттар туралы алуан түрлі пікірлер айтылып жатыр. Менің ойымша – елге қызмет етуге қандайда мүмкіншілік болса, соны қолдану керек… Оппозицияда, билікте деген басты белгі емес, негізгі критерии олар емес. Бәрін ондай сxемамен қарауға, өлшеуге болмайды, ол дұрыс емес. Ең басты өлшем – ары, ниеті таза болуы, еліне қамқор болуы, ұлтына қызмет етуі. Ол белгілі бір лауазымға байланысты емес. Алдағы сайлауда мен өз таңдауымды жасадым, мен Қ.Тоқаевқа дауыс беремін. Қазақ елінің екінші президентігіне Алла тағала Тоқаевты таңдады, сол кісіге бұйырып тұр. Елбасы өз миссиясын атқарды. Қ.Тоқаевпен елімізде оң өзгеріс болады деп үміттенемін. Жаңа президентпен жаңа саяси дәстүр қалыптасады. Жаңа саяси тәртіп, саяси мәдениет келетініне сенемін. Сабақтастықтың дұрысы жалғасып, бұрысы қалатына үміттенемін. Әсіресе өз xалқын жазықсыз сабалауды, абақтыға қамауды тоқтату, үрейден құтылу керек, азат ойды жаңғырту қажет! 

Әміржан Қосановтың сайлауға қатысқаныда өте дұрыс. Лайықты бәсеке. Идеяның бәсекесі. Халықтың дауысы естілсін, мұң-мұқтажын саяси бағдарламаға айналдырсын. Ертең Қосанов партиялар айтпайтын, сенат пен мәжілісте көтерілмейтін, мемлекеттік телевизиялық каналдар мен газеттер көрсетпейтін, жазбайтын, бірақ елдің арасында айтылатын, талқыналатын ойды жеткізеді. Мәселе ол оппозиция ма, емеспе онда емес, ол қай партиядан екендігі емес, оның ел алдында, билік алдында ақиқатты айту. Басқалар айтпайтынды жеткізу. Халықтың мұң-мұқтажын, талабын жеткізу. Ал билік оны ескеру қажет. Сайлау сол үшін керек. Саяси бағдарламалардың, ой-пікірдің бәсекелестігі болғаны маңызды.
Төлеутай Рақымбектовтың сайлауға қатысқанында қолдаймын. Білікті, тәжірбиелі маман. Ауылды, ауыл экономикасының даму жолдарын, өңірлердің дамуының бағыттарын ашып көрсететін саясаткер.
Шынайы, әділетті сайлауда кім жеңетіні белгілі. Ол -xалық. Жеңген кандидат басқа кандидаттардың бағдарламасын, алған дауысын ескерсін, ел қолдаған ұсыныстарын іс-жүзіне айналдырсын» деп жазады Б.Әбдіғалиұлы

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.