22-05-19 |
2250 рет қаралған
Бейбіт Қойшыбаев: Үш бірдей ашаршылықта 4,5 миллиондай қазақ опат болды.
Бейбіт Қойшыбаев: Үш бірдей ашаршылықта 4,5 миллиондай қазақ опат болды

Большевиктерде марксизм тұрғысынан қарасақ көшпелі халықтың болашағы жоқ. Бұлар бәрібір құрып бітеді. Экономикалық тұрғыдан әлсіз, бізге оларды емес, қызыл әскерді қолдау керек. Қызыл әскер бізге әлемдік революция жасап береді, деген ұран болды. Бұл туралы тарихшы Бейбіт Қойшыбаев Алматыдағы «Наркескен» – интеллектуалдық-пікір сайыс клубының отырысында айтты, деп хабарлайды arasha.kz тілшісі.

Бейбіт Қойшыбаев, жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты:

  • Қазақстанда екі ашаршылық өтті деп жүрміз ғой, негізі үшеу болған. Алғашқысы 1917-1918 жылдары оңтүстік өңірде болды. Ол жайында Тұрар Рысқұловтың өзі де жазған. Алғаш большевиктер билікке келген жылы жұт болған. Ақтөбеден оңтүстікке жеткізілетін астық келмей қалды. Аз ғана астықты большевиктерге бөліп берді. Олар «Марксизм тұрғысынан қарасақ көшпелі халықтың болашағы жоқ. Бұлар бәрібір құрып бітеді. Экономикалық тұрғыдан әлсіз, бізге оларды емес, қызыл әскерді қолдау керек. Қызыл әскер бізге әлемдік революция жасап береді», деген ұран көтерді. Осылайша қазақтың жылқысын сорып алды, тамағын қызыл әскерге берді. Қазақ осылайша қырылып жатты. Мұстафа Шоқайдың әйелі Мариям бірінші ашаршылық жайында естеліктерінде жазған. Олар 1918 жылдың көктеміне дейін Ташкентте тұрған. Өзінің естеліктерінде ол: «Ташкенттің көшелерінде қазақтар қырылып жатты. Не істеріңді білмейсің?», деп жазды. Осындай жағдай екі ашаршылықта да болды.
  • Ал үшінші кезең адам айтып жеткізгісіз нәубет болды, ол да қолдан жасалды. 1925 жылы Сейтқали Мендешовтың «Мәскеуге Қазақстанның губернияларында аштық болып жатқанын дәлелдеу мүмкін емес» деп 5-ші съездің мінберінде ресми айтқан сөзі бар. Алғашқы ашаршылықты газеттерге ел біртіндеп жазып жатты, ал 1930-33 жылдардағы аштықта өйтіп жазуға да мұрша болмай қалды. Өйткені үнін шығармауды үкімет жақсылап тұрып қолына алды. Алғашқы ашаршылық жайында шетте отырған Мұсафа жазғанымен, соңғысы туралы көп жаза алмады. Өйткені дерек болмады.
  • Алғашқы аштықта 1 млн 114 мың адам өлген. Сондықтан осы үш ашаршылықта 4,5 миллиондай қазақ опат болды. Осы жағдайды қазір неге айтпайды дегенге келер болсақ, билік сол Мәскеуге, орыстарға қарап, жалтақтайды. Қазіргі орыстар демократиялы ел, оны істеген бұрынғы совет режимі, бұны әшкерелеу керек қой дейміз. Міне, соны билік әлі жете түсініп жатқан жоқ. Біздің президентіміз ашаршылықтың 80 жылдығында да «бұл мәселені саясиландырмаңдар» деді. Күні кеше Ресейдің Сыртқы істер министрі де «қазақтар ашаршылықты көп айтып барады, Ресейде де ашаршылық болған, оны саясиландырмау керек» деді. Сондықтан бұл күрделі мәселе.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.