27-06-19 |
11680 рет қаралған
Билік транзиті-2: прьемер-министр Дариға Назарбаева және күшейген парламент.
Билік транзиті-2: прьемер-министр Дариға Назарбаева және күшейген парламент

Мәскеу Карнеги орталығының сарапшысы Вячеслав Половинконың Қазақстанда сайлау кампаниясы жүріп жатқан уақытта «Транзит алдындағы транзит» атты сараптамасы жарық көрген еді. Онда ресейлік сарапшы Қазақстандағы билік транзитінің қалай жалғасатынына өз болжамын айтады. Төменде сарапшы материалының билік транзитіне қатысты тұсын аударып жариялап отырмыз.

Вячеслав Половинко: «Транзит алдындағы транзит»

Екінші акт алдында Қазіргі президенттің орнықсыз әрекеті толықтай Назарбаевтың көңілінен шығады. Тұңғыш президенттің көзқарасы бойынша Тоқаев – ниеттес, адал адам, алайда әлсіз. Оны таңдау асығыс болуы мүмкін, Назарбаев денсаулығының сыр бере бастағанын түсінеді, сондықтан белгілі бір аралықта нөмірі бірінші болатын адамды іздеу қажет болды. Оның алдында екі таңдау нұсқасы болды: Тоқаев немесе үлкен қызы Дариға Назарбаева. Алайда Дариға республика бойынша қатты танымал саясаткер емес. Оның үстіне, туған қызын тікелей жоғары елдің басшысы ету Назарбаевтың өз репутациясына кері әсерін тигізер еді. Сондықтан ниеттес адам таңдалды. Дегенмен бұл Тоқаевпен билік транзиті аяқталады деген сөз емес. Билікті тұрақты негізде өз қызының қолына табыстау Назарбаев үшін маңызды тапсырманың бірі. Бұл жерде әкелік қамқорлықтың еш қатысы жоқ.

Назарбаев биліктен кетісімен қазақстандық элита ол жинаған капиталды талан-таражға салуын қаламайды. Сондай-ақ ол өзі негізін салған Тәуелсіз мемлекеттің образына келешекте басқалар күмән тудырғанын қаламайды.

Назарбаев жинақтаған 30 жылдық саяси сахнада ертең міндетті түрде өзінің XX съездін өткізгісі келетін адамдар ғана қалды, шындық осындай. Яғни, билікті тек мықты әрі шын мәнінде ниеттес адамға табыстауға болады.

Сондықтан жоғары жақтағы және Конституциядағы өзгерістер мерзімінен бұрынғы сайлаудан кейін де жалғасады, яғни Дариға Назарбаеваны мемлекет басшысы етіп тағайындағанға дейін.

Билікті әкеден қызға табыстау әдепке жатпайды, сондықтан біраз айналшықтауға тура келеді. Тоқаев сайлауда президент болады, яғни халықтан заңды басшы екенін ресми түрде алады. 2017 жылдың ақпанында Қазақстанда бірте-бірте президенттік-парламенттік республикаға өту мәселесі хабарланған.

Тоқаев басқаруындағы билік енді келесі қадамды жасайды, бұл елді парламенттік республикаға айналдыруды аяқтау. Бұдан әрі шешуші лауазымға айналатын премьер-министр лауазымына Елбасының қызы Дариға Назарбаева келеді, ол осы жылдың наурыз айында Сенат төрағасы болып тағайындалған. Ал Назарбаевтың өзі ештеңеге қатысы жоқ адамдай болады. Қызына ол билікті берген жоқ, ол мемлекет басшысы бола алатын лауазымда отыр, мұны Тоқаевтың ұсынысымен депутаттар жасаған болып шығады.

Мұндай нұсқа Қазақстанның алдында тұрған қос билік қаупінен құтылуға жағдай жасайды, егер Конституция осы қалпында сақталса Тоқаев пен Дариға өз орындарында қалады. Мұндай жағдайда олар тең құқылығы әсер ету орталығына айналып, елді екеуара бөледі.

Бұл әсіресе Назарбаев саяси аренадан түбегейлі кеткен кезде анық көрінеді. Айқын көшбасшының кетуінің қауіптілдігі мынада: элитаның бір бөлігі Дариғаға емес, Тоқаевқа үйренісіп қалады, сондай-ақ ол қазіргі адал болып жүргендей емес, өзгеріп қалуы да мүмкін.

Назарбаев қазір нағыз билікті Тоқаевқа табыстайтындай ешқандай емеурін білдіріп жүрген жоқ. Назарбаев үйлестіруіндегі жүйеге оның қажеті де жоқ: екінші президенттің әлсіздігі оны шын мәнінде басқарушы етіп жасап отыр, ал оның барлық әлеуетін құртуда. Ал сайлау барысы республикада кімнің нағыз басшы екенін және одан әрі қалай болатынын кім шешетінін тағы бір рет айқындап берді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.