01-05-20 |
830 рет қаралған
«Бұл мереке – қазақ халқының айналасына топтасу».
«Бұл мереке – қазақ халқының айналасына топтасу»

Берік Уәли, президенттің баспасөз хатшысы:

– Бүгін Қазақстан халқының бірлігі күні. Біз бұл мерекенің идеологиялық астарын әлі де жете бағамдай алмай отырғандаймыз. Көптеген ағайын бұл датаны Ассамблеяның мерекесі деп санайды. Ал қазір Қазақстан халқының 70 пайызға жуығы қазақтар. Дана халқымыздың «бір қолдың саласындай, бір атаның баласындай» деген қағидасына салсақ, бұл мереке – қазақ халқының, яғни, мемлекет құрушы ұлттың айналасына топтасу, бірігіп бір халыққа айналу деген сөз.

Қазақстан халқының бірлігінің мемлекет үшін қаншалық маңызды екенін тосыннан келген індет айқын ұғындырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Бірлік пен келісім – халқымыздың қиын-қыстау жылдарда да сақтай білген құндылықтары. Әралуандықтан бірлікке – біздің саясатымыздың мәні. Бәріміз бірге өзіміздің еңбексүйгіштігімізбен, табандылығымызбен ғана қуатты әрі дамыған мемлекет құра аламыз» деген сөзі осының айғағы.
Сондықтан, Қазақстан халқының бірлігі – әуелі қазақ ұлтының бірлігі. «Ырыс алды – ынтымақ» деген дана халқымыз, «бірлік болмай, тірлік болмас» дегенді де айтқан. Яғни, қазақ халқының айналасына ұйысқанда ғана жұмылған жұдырықтай, тірлігі бекем елге айналамыз. Еліміздің бірлігі бекем болсын! Мереке құтты болсын!

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.