10-07-20 |
700 рет қаралған
«Әдеттегідей ешқандай нәтиже көрмейміз».
«Әдеттегідей ешқандай нәтиже көрмейміз»

Нұр-Сұлтанда президент Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Онда үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп беруде. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, мемлекет басшысының үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылып жатыр. Бұл жиынға қатысты қоғам қайраткерлері өз пікірлерін жазуда. Төменде ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, экономист Мұхтар Тайжанның жазбасын беріп отырмыз.

 

Мұхтар Тайжан, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, экономист:-

– Президенттің кешегі мәлімдемесінен гөрі халықтың ары қарайғы өмірі үшін үкіметтің ертең президенттің қатысуымен өтетін кеңейтілген отырысы әлдеқайда маңызды. Сондықтан бүгін экономикаға бірнеше пост арнаймын.

Естеріңізге салсам, осындай отырыс соңғы рет қаңтарда өткен болатын. Ол кезде біз «Радикалды реформалар келе жатыр, қажет болса тізеге салып жасаймыз», «Жаңғырту орталығы құрылады», «Егер министрлер мәселені шеше алмаса, көктемде кадрлық шешімдер қабылданады» деген сияқты сөздер естігенбіз. Ол сөздер біраз үміттендірді, бірақ халық осы жарты жыл ішінде ешқандай нағыз реформаны көре алмады. Экономикалық бок сол қалпы орнында отыр. Экономикалық қолдау алып отырғандардың тізімі өзгермеді – сол баяғы ірі холдингтер, банктер, өздерінің сауда-ойын сауық орталықтары, тіпті автосалондарға дейін, сонымен бірге өздерінің консалтинг фирмалары. Дәл солар ғана Төтенше жағдай мен карантинді сылтауратып салық жеңілдіктерін, кезекті субсидияларды алып келді.

Жаңғырту орталығы қандай шешімдер қабылдап жатқанын білмейміз, өйткені ол жерге де сол баяғы ұзақ жыл бойы биліктен ауызданған «сарапшыларды» отырғызып қойды, оларға ншынайы өзгеріс керек емес. Күзде үкіметпен апта сайын қызу дискуссиялар болғанына қарамастан, осы жарты жыл ішінде Ұлттық кеңестің экономикалық тобында экономикалық саясат бір рет те талқыланбады. Бір-екі мәселені өткізгенімізбен, 20 желтоқсаннан кейін үкімет жабық есік жағдайына көшті. Шамасы айтар аргументтері жоқ, ал, «кормушкадан» ешкім айырылғысы келмейді.

Квазимемлекеттік сектор – «Самұрық-Қазына» мен басқаларының жағдайы жақсы, «РОП», «СҚ-Фармация» сияқты жасанды монополистер гүлденіп жатыр, мұндай қалталы компаниялар әр салада бар. Олардың жағдайы жақсы боп қала берсе қалған экономика күйрей береді – бұл бір біріне тығыз байланысты дүние. Экономикадағы осындай қолдан жасалған ақша жегіш құрылымдарға қатысты радикалды шешімдер қабылдауға әлі күнге саяси жігер жетпей тұр.
Қазір жағдай осындай. Ертең тағы 300 адам (18 млн ғана халыққа мұндай үлкен үкімет не керек екенін түсінбеймін) бір залға жиналып алады да, көзбояушылық жасап, бастарын көтерместен президенттің әр сөзін блокноттарына мұқият жазып отырады, әдеттегідей ешқандай нәтиже көрмейміз.
Бірақ, мен-ақ қателескен болайын, ертең көреміз барлығын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.