23-05-19 |
5060 рет қаралған
Мұхтар Тайжан: Билік шеруден қорқады.
Мұхтар Тайжан: Билік шеруден қорқады

Өткенде Нұр-Cұлтан қаласы әкімшілігі «Ақ жол» партиясының «Алашқа тағзым» атты ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған бейбіт шеру өткізу туралы өтінішін қанағаттандырмай, шеруге рұқсат бермеген еді. Бұл ел ішінде қызу талқыланды. arasha.kz осыған дейін ашаршылық құрбандарын еске алуға биліктің неге бейбіт шеру өткізуге рұқсат етпей отырғаны жайында Дос Көшім, Айдос Сарым, Досым Сәтпаевтың пікірлерін берген едік. Бұл жолы қоғам қайраткері, экономист Мұхтар Тайжанның ойын білдік.

Мұхтар Тайжан, қоғам қайраткері, экономист:

  • Билік шеруден сескенеді. Адамдар көшеге шықса қорқады. Бірақ екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алатын «бессмертный полк» шеруі жыл сайын Қазақстанның көптеген қалаларында өтті. Ал ашаршылық құрбандарын еске алып, тағзым ету үшін тыйым салады. Бұл – ақылға сыймайтын нәрсе.
  • Біз, 2013 жылы ашаршылық құрбандарын еске алу шеруін өткізгенде билікке өтініш жазып, рұқсат сұраған жоқпыз. Өйткені 31 мамыр – ашаршылық және саяси қуғын-cүргін құрбандарын еске алуға арналған, арнайы бекітілген күн. Сондықтан екі жүздей адам жиналып, «Цезарь» кинотеатрында ашаршылық жайлы деректі фильм көрдік те, сол жерден сап түзеп шығып, қазіргі ашаршылық құрбандарына ескерткіш қойылған саябаққа дейін жаяу жүрдік. Сол жерде гүл шоқтарын қойып, ашаршылық құрбандарына ескерткіш қойылу керектігін айттық. Кейін Алматы қаласы әкімшілігі жақсы ескерткіш қойды. Бұл – үлкен жетістік.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.