12-06-19 |
6770 рет қаралған
Марғұлан Сейсембай: Қосанов 20 жыл бойы жинаған абыройынан айырылды.
Марғұлан Сейсембай: Қосанов 20 жыл бойы жинаған абыройынан айырылды

Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай сайлау жайлы ойларын жариялауды жалғастырып келеді. Бұл жолы ол Әміржан Қосанов туралы фейсбук парақшасына өз ойын жазды.

«Қосанов.
1. Алдап кеттi. Мен онымен сайлау алдында кездескенiмде ол маған: «Мен сайлауға қатысамын»- деп айтқан болатын. Мен одан: «Не үшiн?»- деп сұрағанымда: «Бұл жүйеге соққы беру керек”- деп үн қатқан. Бермедi.
Мен оның жеңе алмайтынын бiлгенмiн, оған жеңiстi ешкiм әкелiп бере салмайтынын түсiнгенмiн. Бiрақ Әмiржан ең құрмаса соққы бередi деген үмiт болатын.
2. Елiмiздiң тарихында бiрiншi рет шынайы халықтың батыры-таңдаулысы болатын мүмкiндiктi қолдана алмады.
3. 20 жыл бойы жинаған абыройын бiр күнде жерге төгiп тастады.
4. Саяси келешегi жоқ.

P.S. Түсiнбейтiн адамдарға. Бiрiншiден, мен Қосановқа дауыс берiңдер деп үгiттеген жоқпын. Мен Қосановқа дауыс беру арқылы билiкке өзiмiздiң наразылығымызды көрсетiп оларды саяси реформаларға итермелеуге болады деп айтқанмын. Менiң сол сөзiмнiң айтқаны жалған ба? Билiк наразылығымызды көрген жоқ па? Халық Қосановты/протест жақтаушылардың санын көрген жоқ па? Мәселе тұлғада емес, бiз қоғам, Қосанов арқылы бiздiң мақсаттарымызға жеттiк қой. Бұл үлкен жеңiс деп есептеймiн» деп жазады М.Сейсембай.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.