19-11-20 |
640 рет қаралған
Мұхамеджан Тазабековтің депутат болу үшін ақидасын бас тартқаны рас па?.
Мұхамеджан Тазабековтің депутат болу үшін ақидасын бас тартқаны рас па?

Халық айтса, қалт айтпайды демекші, жұрт арасында «Мұхамежан Тазабеков депутат болу үшін ақидасынан бас тартып жатыр» деген сыбыс ақыры рас болып шығатын түрі бар. Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің парақшасында Айтыскер ақын әрі «Асыл арнаның» директоры Мұхамеджан Тазабековтің есімі депутаттыққа үміткерлерлердің арасында жүргенін жазыпты.
Заңгердің айтуынша, Мұхамеджан ақидасын депутаттық мандат үшін ауыстырған-мыс!

«Ақидасын депутаттық мандат үшін ауыстырған ба?

Тоқтар аға, сіздің сексолог һәм тәлімолог досыңыз депутаттыққа үміткер дейді ме?
Кеше ғана өзін адастым, сәләфиттердің арасында жүрдім деген адам, қалай депутат болмақшы?
ҰҚК қалайша бұған жол беруге болады?
Алматыда Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті деген орган бар ма?
Тазабек пен профилактикалық жұмыс жүргізілді ме?
Діни көзқарасы бойынша анықтамамен қайдан танысуға болады?
Елдің алдында тәлім беріп жүрген адамның анықтамасы ел алдына шығарылу керек деп ойлаймын!
Тоқтар аға осы бойынша біліп беріңізші, өтініш», – деп Тазабеков мырзаның негізгі сынаушыларының бірі, журналист Тоқташ Жақашты белгілеп өткен.
Тоқтар Жақаш демекші, ол бұған дейін де Мұхамеджанның күтпеген жерден өзінің жиырма жыл бойы ұстанған сәлафилік ұстанымынан бас тартып, мәлімдеме жасауынан күдіктенетінін айтқан болатын.

«Өз басым Мұхамеджанның «ақидамды жаңарттым» деген сөзіне еш сене алмаймын! Сәләфиттерде «егер, өзіңе қауіп төнетін болса, ақидаңды жасырып, шошқа етін де жеуге рұқсат» дейтін пәтуа бар. Мұхамеджан осы пәтуаға иек артқан сынды. Меніңше, ол енді діни уағызбен елді соңынан ерте алмайтынын әбден түсінді. Сондықтан, жастардың басын қатыру үшін «дағауаттың»» жаңа форматына, жаңа уровеньге көшуге дайындықты бастап кетті. Сөйтіп, жиырма жылға жуық салықтарды бүркеп-жасырып, жалтарып келген қылмысын жасыру үшін, «Асыл арнаны» жауып, «Тәлім ТВ» деген телеарна ашпақшы. Санасына сіңген уды сол телеарна арқылы мысқалдап жастардың миына құя бермек, құя бермек. Бұл мүлдем дұрыс емес нәрсе!», – деп аура болмаса да астарлап Тазабековтің қайтып келуінің астарында саяси мүдде жатқанын жеткізген еді.
Сонымен қатар ол Мұхамеджанға діни уағыздар мен шығармашылық жұмыстармен айналысуға мүлдем тыйым салу керектігін айтқан.
«Мәселе мұнымен қоя салмау керек. Мұхамеджан Тазабековке қандай да бір шығармашылық жұмыспен айналысуға, шығармашылық ұжымды басқаруға белгілі бір мерзімге дейін (реабилитациядан өтпейінше) заңмен тыйым салынуы керек!
Одан кейінгі мәселе: Мұхамеджан Тазабеков әлгі жоғарыда айтқан алқаш секілді ыржың-ыржың етіп, кешірім сұрасам құтыламын деген ойдан аулақ болсын! Кешірсін десе – діни мотивпен қылмыс жасаған, Тазабековтар уағызы әсерімен Сирия асқан қандастардан жариялы түрде кешірім сұрауы тиіс! Бұлай етпейінше, қазақ халқының Тазабековты кешпейтінін білсін!
Үшінші мәселе. Ең маңыздысы. Тазабековтың ұлттық арнадағы бағдарламасы толығымен жабылып, жаңа телеарна ашуға тыйым салынсын!
Мұхаңның қандай ақидаға болсын тұрақсыз екені сөздерінен-ақ көрініп тұр. Қай жерде ақша өзен боп ағып, теңіз боп тасыса, ол әрдайым сол жерде! Бәлкім, ол үшін ақида деген ақша ғана шығар? Оны бір Алла біледі!», – деп жазған жазба авторы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.