20-05-20 |
490 рет қаралған
Мұхтар Тайжан: Енді митингіге ерінбей шығасыңдар ма?.
Мұхтар Тайжан: Енді митингіге ерінбей шығасыңдар ма?

20 мамырда мәжіліс бейбіт шерулер, митингілер туралы заң жобасына қатыс сенат жасаған өзгерістерді мақұлдады. Енді заң жобасы президенттің қол қоюына жөнелтіледі.

Қоғамда қызу талқыға түскен бұл заң жобасы сарапшылар арасында көптеген дау-дамай туғызды. Соған қарамастан парламент заң жобасын мақұлдады. Осыған байланысты қоғам қайраткерлері өз пікірлерін жария етуде. Мәселен, экономист, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Мұхтар Тайжан:

«Бұл 100% нәтиже емес екенін білем. Жовтистің, басқалардың мақсаты бірден 100% жету ғой. Оларды да түсінем, бірақ өмірде олай болмайды. Меніңше, 60% нәтижеге жеттік, ештеңе жоқтан ол да жақсы.

Ең маңыздысы 0 деңгейінен – 1995 жылы қабылданған Заңнан – бас тарттық. Бұл мүлдем жаңа Заң. Сондықтан бұл Заңды бұдан былай жақсартуға, әрине болады, келесі парламент онымен айналысуы да мүмкін.

Алдымен бұл Заңмен пайдаланып көрейікші! Енді митингтерге ерінбей шығасыңдар ма?» деп жазды ол facebook парақшасында.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.