09-04-20 |
430 рет қаралған
Мұхтар Тайжан: Шенеуніктермен келіссөз жүріп жатыр.
Мұхтар Тайжан: Шенеуніктермен келіссөз жүріп жатыр

Үкіметтің соңғы кездегі жер саясатына қарсы күресіп жүрген экономист Мұхтар Тайжан жерге байланысты әртүрлі шенеуніктермен келіссөз жүріп жатқанын жазады.

«Менде кешеден бері телефон арқылы әртүрлі шенеуніктермен келіссөз жүріп жатыр. Менің ұстанымым өте қарапайым: ЕАЭС-қа тегін жер беруден және субарендадан бас тартсаңыздар онда ол туралы ресми пресс-релиз шығу керек. Көреміз» деп жазады ол facebook парақшасында.

Кеше М.Тайжан «Жер қорғаны» қозғалысын құруға және соған қосылуға шақырған еді.

Мұхтар Тайжан қазақ жерін қорғау қозғалысына шақырады

7 сәуірде Үкімет еуразиялық экономкалық одақ – ЕАЭО мүше-мемлекеттерінен инвесторлардың қатысу үлесі бар өнеркәсіптік кәсіпорындарға өтеусіз негізде жер учаскелерін меншікке беру мүмкіндігін қамтамасыз етуді көздейтін қаулы жобасын қоғамдық талқылауға шығарған еді.

Үкімет Қостанайдан өтеусіз негізде кімдерге жекеменшікке жер бермекші?

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.