21-11-20 |
510 рет қаралған
«Неге педагогтар құқы бұзылады?».
«Неге педагогтар құқы бұзылады?»

Мұғалімдерді мерзімді баспасөзге күштеп жаздыру мәселесі әлеуметтік желіде сөз болып жатыр. Осыған орай теолог Досай Кенжетай өз пікірін жария етті.

«Осы газетке жазылу еркі неге тапталады? Неге педагогтар құқы бұзылады? Мектеп, университет педагогтарын қысыммен газетке жаздыртып, ақшасын зорлап жинатып жатқан директорлар мен ректорлардың тізімін ашық жариялап, әлемжеліде карикатурасын, салып, ұжым алдында мінеу керек. Басқаша баяғы кеңестік инерциядан құтыла алмаймыз….», – деп жазады ол.

Қазір газет-журналдарға жазылу науқаны жүріп жатыр. Көп жылдан бері аудандық білім басқармалары арқылы мұғалімдерді күштеп баспасөзге жаздыру жағдайы тоқтамай отыр. Бұл мәселені кезекті рет мұғалім Айман Сағидулла көтерген еді. Баспасөзге жазылу мәселесіне қатысты министрлік жария мәлімдеме де таратты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.