25-05-20 |
410 рет қаралған
Қарин: «Бейбіт жиындар туралы» жаңа заң ұлттық кеңестің үлкен жұмысы.
Қарин: «Бейбіт жиындар туралы» жаңа заң ұлттық кеңестің үлкен жұмысы

25 мамырда президент Тоқаев елдің саяси өмірі үшін аса маңызды бірнеше заңға қол қойды. Атап айтқанда, саяси партиялар, сайлау және бейбіт жиындар туралы заңдар. Осыған байланысты президент кеңесшісі, саясаттанушы Ерлан Қарин пікір білдірді.

«Мемлекет басшысы «Бейбіт жиындар туралы» туралы жаңа заңға қол қойды. Бұл Ұлттық кеңестің аясында ұсынылып, дайындалған президенттік саяси реформалар пакетінің алғашқы үлкен нәтижелерінің бірі. Тұңғыш рет ұлттық заңнамада бейбіт жиындар мен шерулерді өткізуде рұқсат алу тәртібінің орнына хабарландыру тәртібі енгізіліп отыр.

Жаңа заңға сәйкес әрбір қаланың аудандарының орталығында міндетті түрде үш орын берілетін болады және де егер жиын я шеру барысында заң бұзушылық орын алып, ұйымдастырушылар тарапынан тиісті шаралар қабылданса ол жиын тоқтатылмайды, яғни жаңа заң азаматтарға бейбіт жиынды өткізудегі құқығын басымдық ретінде бекітуде. Бұл заңның қабылдануы еліміздің саяси қоғамдық өмірінің одан әрі демократияландыру бағытындағы маңызды оқиға болып табылады.

Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің нәтижелі жұмысының айқын көріністерінің бірі.

Ұлттық кеңестің мүшелері аталған заңның дайындалуынан бастап, талқылаулардың барлық сатыларына белсене ат салысып, заң жобасының жетілдіруіне үлкен үлес қосты. Сондықтан осы заңның қабылдануымен Ұлттық кеңестегі әріптестерімді де құттықтап, алғысымды білдіремін» деп жазады Қарин.

Алайда, халықаралық адам құқы жөніндегі ұйымдар президент қол қойған «Бейбіт жиындар туралы» заң адам құқығын бұзатынын бұған дейін мәлімдеген еді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.