01-11-20 |
860 рет қаралған
Қазақ тілінде сөйлейтін ұлтшылдар митинг өткізе алмай ма?.
Қазақ тілінде сөйлейтін ұлтшылдар митинг өткізе алмай ма?

Қоғам қайраткері, экономист Мұхтар Тайжан қазақ тілінде сөйлейтін ұлтшылдарда бірлік жоқтығын, ал орыс тілінде сөйлейтін демократтар ұйымдаса алатыны туралы жария ойын жазды.

Мұхтар Болатханұлы былай дейді: «Орыстілді демократтар оп-оңай бірігіп митинг өткізіп жатыр. Ал қазақтілді ұлтшылдар бір жерде жиналса бір бірімен төбелесіп қалуы әбден мүмкін, билікке тіпті провокация жасау да қажет емес, солай ғой?

Ұлтшылдардың ұжымының ішінде бір біріне деген жақтармаушылық енді ғажап. Мынау сатқын, анау агент, мынау бұндай, анау анандай. Нәтижесінде бірде бір ортақ мақсатқа жете алмай отырмыз. Бұл түрімен жерден де айырылып қалу қиын емес.
Менің ұсынысым: ұлтшылмын деп жүргендер екі нақты ортақ мақсатқа тіпті уақытша болса да бірігуіміз қажет! Одан кейін қайта бір бірімізді жақтырмай жүрсек те болады.
1. Жер мәселесін аяғына дейін жеткізіп, жаңа Жер кодексін қабылдатуымыз қажет.
2. Марғұлан Боранбайды бәріміз бір жұдырықтай жұмылып қорғап шығуымыз қажет. Бұл жігіт отырып кетсе бәрімізге сын болады.
Жиналыс өткізіп, бір біріміздің көзіне қарап бұл екі нақты мәселеге келісіп алуымыз керек! Қалай ойлайсыздар?».
Оның бұл ойы қызу талқыланып, әртүрлі пікірлерге жол ашып жатыр. 31 қазанда Алматыда саяси реформалар жүргізіп, саяси репрессияны тоқтатуға шақырған рұқсат етілген митинг өткізілгені мәлім.
Жалпы қазақ ұлтшылдығы әркез сөз болып тұрады. Мәселен, әселен, 11 тамызда Қазақстанның коммунисттік партиясы радикалды ұлтшылдыққа баға беруді сұрап, бас прокуратураға ашық хат жазды. Бұл хат әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Алайда, коммунистік партияның мәлімдемесіне қарсы уәж айтқан қазақ ұлтшылдары болмады.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.