14-03-19 |
4010 рет қаралған
«Қытайдан қарыз алмаған жөн».
«Қытайдан қарыз алмаған жөн»

Әзімбай Ғали, саясаттанушы:

Халықаралық қарыздар диверсификациясы керек. Қытайдан  олар жаңа қарыздар ұсынса да, қарыз алмаған жөн. Батыс мемлекеттерден, соның арасында АҚШ, Европа Одағы елдерінен қарыз алу дұрыс. Ақша алу көзі -жекешелендірудің екінші кезеңі пәрменді болар, мәселен, халықаралық қор биржасы арқылы саудалау (Қытайсыз). Халық несие алсын десек жерді жекешелендіргеннен кейін, нарықтың құралы ретінде мойынына алатын несиелерге кепілдік институты құралы деп мойындау. Несие алған фермерлер ауыл шаруашылық техникаларды лизингке алады. Олай болса, машина құрастыру саласы жанданады. Сол сияқты тасымал техника өндіру, автотранспорт индустриясы дымды. Несие алған фермерлерге ауыл шаруашылығын берген субвенциялар аздық етеді. Ауыл шаруашылығын өркендетуге субвенциялар жетпейді. Үкімет ірі жер меншік иелерін шектеу саясатын жүргізген жөн. Ұсақталған жер меншігін аз бағаға фермерлерге сату керек. Ірі латифундизмді шектеу өте маңызды. Бірақ олигархтар Қазақстанды бүгінгі күні әлемдегі ең ірі бидай өндіруші және бидай сатушы ел қатарына қосты. Енді аграрлық олигархтар өз пайдасын ескеріп, мал бордақылау арқылы өз бизнесін көтерсе. Сонда біз АҚШ, Европалық Одақ, Австралия, Жаңа Зеландия жолына түсер едік.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.