23-05-19 |
2260 рет қаралған
Жұмабек Ашуұлы: Қазақтың бағы да, соры да – жер.
Жұмабек Ашуұлы: Қазақтың бағы да, соры да – жер

«Қазақтың бағы да, соры да оның жері Патшалық Ресей болсын, кейінгі Кеңес үкіметі болсын бәрі де қазақты жою жөніндегі саясатты ұстанған». Бұл туралы саяси қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығының төрағасы Жұмабек Ашуұлы Алматыда өткен «Наркескен» – интеллектуалдық-пікір сайыс клубының отырысында айтты.

Патшалық Ресей болсын, кейінгі Кеңес үкіметі болсын бәрі де қазақты жою жөніндегі саясатты ұстанған деген ойын білдірді. «1932 жылы Ораз Исаев Сталинге «халық ашаршылықтан қырылып жатыр, аң ауалауға рұқсат беріңіздер» деп телеграмма жібереді. Сонда Сталин «аң ауласаңдар жауапқа тартыласыңдар» дейді.

«Бұл дегеніңіз қырылып жатқан қазақ халқын аң құрлы көрмегені ғой. Бұл шын мәнінде қазақты ұлт ретінде жоюға бағытталған саясат болды. 31 мамыр ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып бекітілген. Қазір осыны «Қасірет күні» ету керек деген әңгіме шығып жатыр. Менің бұны «ашаршылық және құғын-сүргін құрбандары – қасірет күні» деп белгілесе. Бәрін жеке-жеке бөлмей бір күнге белгілеген жөн»,-дейді ол.

Сонымен қатар, ол қазір біз сол ашаршылық кезіндегі тарихты қалай бағалап келе жатырмыз деген мәселе төңірегінде ой қозғады.

«Тарихшыларымыз ашаршылықты әлі де зерттеп жатыр, журналистер, жазушылар жазып жатыр. Бірақ осыны қолдап әкетейін деп отырған билік жоқ. 2000 жылы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойып берген жоба бойынша Алматыдағы Наурызбай көшесі бойындағы НКВД-ның үйі ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарының мұражайы болу керек болған. 2003 жылы Храпунов әкім болып тұрғанда ақша бөліп, музейдің бірінші кезеңін аштық. Кейін бұл ғимараттан айырылып қалдық, жеке меншікке сатылып кетіпті. Оны Машкевичтің тобы сатып алыпты. Өз тарихымызды қорғауға қазақтардың өзі салғырттық танытып отыр. Осы музейді қайтару жөнінде көп бастама көтердім, бірақ көпшілік қолдап кете алмады. Тіптен, Назарбаевтың өзі «сендер немене ашаршылық-ашарлышылық деп қоймайсыңдар, басқа да халық қырылған, ол туралы айта бермеңдер» деген сөзі бар»,-дейді ол.

«Қазақ газеттері» ЖШС жанынан құрылған «Наркескен» – интеллектуалдық-пікір сайыс клубы 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Әр уақытта қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, тарихшылар, қоғам қайраткерлері және журналистердің қатысуымен талқылап келеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.