03-03-20 |
500 рет қаралған
Жәкішевтің бостандыққа шығуы Тоқаевтің еңбегі емес – Досым Сәтпаев.
Жәкішевтің бостандыққа шығуы Тоқаевтің еңбегі емес – Досым Сәтпаев

Бүгін Семей соты «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы басшысы, сотталған Мұхтар Жәкішевті мерзімінен бұрын бостандыққа шығару туралы арызын қанағаттандырып, шартты түрде бостандыққа шығару туралы шешім қабылдады. Бұл туралы саясаттанушы Досым Сәтпаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдіріп, басқа да саяси тұтқындарды бостандыққа шығару керек екенін жазыпты.

«Мұхтар Жәкішевтің бостандыққа шығуы оның отбасы мен достары үшін үлкен қуаныш! Және бұл Тоқаевтың еңбегінің арқасында емес, бұл көп жыл бойы әділеттілік талап еткен азаматтық қоғам бөлігінің жеңісі. Билік ақыры «А» деп айтқан екен, енді «Б» деп те айтсын. Біздің түрмелерде биліктен қайырым емес, әлідеттілік күтіп отырған басқа да саяси тұтқындар бар. Қордайдағы соңғы оқиғалардың аясында, наразылық акцияларына қатысушыларды жаппай ұстау, митинг туралы фейк заң, саяси белсенді Дулат Ағаілдің тергеу изоляторындағы қазасы Ақорданың ғана емес, Кітапхананың да беделін төмен түсіріп жіберді.Мифтік «жылымық» туралы әңгіме де тынышталып қалды. Бірақ бұл бостандық билік иммиджін жақсарту мен қоғамдағы наразылықты төмендету мақсатындағы кезекті политтехнология емес, қоғамды енді бұрынғыдай басқару мүмкін емес екенін түсінді дегенге сенгім келеді», -дейді саясаттанушы Досым Сәтпаев өзінің желідегі парақшасында. 

Мұхтар Жәкішев шартты түрде бостандыққа шығады

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.