14-09-21 |
450 рет қаралған
Ауғанстаннан келген қандастардың қай облыстарға орналасатыны белгілі болды.
Ауғанстаннан келген қандастардың қай облыстарға орналасатыны белгілі болды

Ауғанстаннан келген 35 қандас еліміздің Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылады. Үкімет оларға бір реттік көмек ретінде 200 мың теңге мен тұрғын үй жалдауға қаражат беруді қарастырды.

Қазір Ауғанстаннан келген 35 қандас екі апталық карантинде жатыр. Одан кейін олар едіміздің бес облысына қоныстанады.

“Бір отбасыға 70 АЕК (2021 жылы 204 190 теңге) бөлінеді, содан кейін бір жыл бойы 30 АЕК (87510 теңге) төленіп тұрады. Заң тұрғысынан барлығын түсіндірдік. Әрине, бірінші кезекте олардың өз қалаулары есепке алынады”, – дейді Алматы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы.

Егер қандастар аталған өңірлерден басқа аймақты таңдаса, оларға квота тағайындалмайды.

Сонымен қатар, алдағы уақытта оларды жұмысқа орналастыру мен оқыту мәселелері мемлекет назарында.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.