31-03-21 |
350 рет қаралған
Елордада қарызға алынған ақшаға қымбат мектеп салынады.
Елордада қарызға алынған ақшаға қымбат мектеп салынады

«Ақ жол» партиясының депутаты Андрей Линник   Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловты мемлекет ақшасын түгендеуге шақырды.

Депутат Андрей Линник  Үкіметке мемлекет шығындарын қайта қарауды ұсынып, елді қарызға батырмауды сұрады.

«Елордада мемлекеттік-жеке серіктестік аясында жаңа мектеп салуға жоба дайындалып жатыр. Мердігер компания бір мектептің құнын 7,5 миллиард теңгеге бағалаған. Негізі қарапайым мектеп салу  мемлекетке 1,5-2 миллиард теңгеге шығады. Жалпы алғанда, осындай 20 мектеп 30-40 миллиардтың орнына 150 миллиардқа жоспарланған. Бұл жерде салық төлеушілердің қалтасынан 110-120 миллиард теңгені артық төлейтінін көруге болады. Бұл жалған «инвестиция» ма? Елордаға басқа біреудің несиесін бірнеше жылға 4 есе қымбат төлегеннен гөрі осы мектептерді 30-40 миллиардқа салу тиімді емес пе? Ал үнемделген 110-120 миллиард теңгені ақылмен пайдалануға болады»,-дейді депутат Андрей Линник.

 «Ақ жол» фракциясының депутаты шенеуніктерді сыртқы қарыздарды өте күмәнді мақсаттарға пайдаланады деп айыптады.  Және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәселеге араласуын сұрады.

«Мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде сыртқы қарыз алу тәсілдерін қайта қарау керек. Тарифтің тұрақтылығы ескерілсін. Және қарызды өтеу Қазақстан азаматтарына жүктелмеу керек»,-деді депутат.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.