13-03-21 |
570 рет қаралған
Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.
Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайы маңында орын алған ұшақ апатына қатысты Twitter парақшасына жазба қалдырды.

Мемлекет басшысы апат кезінде қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып, жарақат алғандарға амандық тіледі.

«Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін.Менің тапсырмам бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды.Бұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы керек»,- деп жазды Тоқаев.

Айта кетейік, Алматы маңында әскери ұшақ құлады. Төтенше оқиға кезінде төрт адам қаза болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.