19-03-21 |
630 рет қаралған
Ұйғыр ауданындағы көшелерге әл-Фараби, Абай және Мұқағалидің есімдерін беру ұсынылды.
Ұйғыр ауданындағы көшелерге әл-Фараби, Абай және Мұқағалидің есімдерін беру ұсынылды

Ұйғыр ауданы орталығы Шонжыдағы орталық көшелерге әл-Фараби, Абай, Мұқағали есімдерін беру ұсынылды, деп хабарлайды «Arasha.kz» ақпараттық-құқықтық сайты.

Біз бұған дейін де «ҰЙҒЫР АУДАНЫНДА АБАЙҒА КӨШЕ ҚАШАН БЕРІЛЕДІ?» және «ҰЙҒЫР АУДАНЫНДА АБАЙҒА КӨШЕ АТЫ БЕРІЛЕТІН БОЛДЫ» атты екі бірдей материал жариялап, бұл мәселені редакцияның назарында ұстайтынын мәлімдегенбіз.

Осы ретте, бір ескеретін жайт, атауларынын көше атауларын өзгерту туралы ұсыныс ономастика заңнамасына сәйкес ашық түрде сол өңірдегі халықтың дауыс беруімен жүзеге асатыны белгілі.

Сүйіншілі жаңалық сол, қазірде тұрғындардың пікірі тыңдалып, жиынға жиналған халықтың көбі аудандағы атауларға қатысты өзгерісті қолдады.

Нәтижесінде, әл-Фараби есімі аудан ортылығындағы ең үлкен көшеге, Шонжыдағы тағы бір негізгі көшеге қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының аты берілсе деген ұсыныс айтылды.

Сонымен қатар, республикалық деңгейде биыл 90-жылдық мерейтойы өтуі тиіс Мұқағали Мақатаев атына да көшеге берілмек.

Басқосуда бұдан бөлек, аудан орталығында жаңадан салынып жатқан үш көшеге де ат беру жайы талақыланды.

Ұсынылған атаулар жергілікті атқарушы органдардың бірлескен шешімімен облыстық ономастика комиссиясының қарауына жіберілді.

Тиісінше, алдағы жеті күннен кейін шешім қабылданып, заңды күшіне енетін болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.