23-05-18 |
4390 рет қаралған
«Журналистикаға басты сын қатер ретінде блогерлер мен әлеуметтік желіні айтуға болады».
«Журналистикаға басты сын қатер ретінде блогерлер мен әлеуметтік желіні айтуға болады»

Алматыда XV Еуразиялық медиафорум өз жұмысын бастады.

Жылда өтіп келе жатқан айтулы жиынның алғашқы сөзін ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев сөйлеп,  форум қатысушыларына президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді.

Президенттің құттықтау сөзінде БАҚ-тың қазіргі әлем жағдайындағы маңызы мен ролі айтылып, журналистиканың басты сын қатерлері де атап көрсетілген.

«Бүгінгі форум медиа саласындағы білікті майталмандардың өзара диалог жүргізуіне мүмкіндік беретін маңызды шара. Шиеленіске толы геосаяси жағдайларда журналистер жұмысының маңыздылығы өте жоғары. Өзгеріп келе жатқан әлемде Ақпарат құралдары ғаламдық шиеленістің алдын алатын, жағдайды тыныштандыратын құрал. Осы жерде журналистердің жауапкершілігі шығады. Классикалық журналистикаға басты сын қатер ретінде балама ақпарат көздері блогерлер мен әлеуметтік желіні айтуға болады. Дәстүрлі БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін журналистің кәсібилігі мен сапалы контенті ықпал етеді. Осы мақсатта осындай диалог алаңдарын құрудың өзектілігі арта түседі». Осылай делінген Елбасының құттықтау сөзі жиын жұмысын бастап берді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.