15-11-20 |
1070 рет қаралған
6 жастағы қызды иттер талап өлтірді.
6 жастағы қызды иттер талап өлтірді

15 қараша күні 17:00 шамасында Сәтпаевта полиция бөліміне жедел жәрдем қызметкерлері қоңырау шалады. Олар қала маңындағы саяжайлардың бірінде ит талаған 6 жастағы қыздың қайтыс болғанын хабарлайды. Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы баланың ата-анасымен саяжай қауымдастығында тұрғанын анықтады. Кішкентай қыз иттер талаған кезде қараусыз болған. «Бұл фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптаулар тағайындалып, істің мән-жайы анықталып жатыр. Қаңғыбас иттерді аулайтын ветеринарлық қызметке хат жолданды», – дейді Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдерді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.