04-10-18 |
890 рет қаралған
АҚШ дауды БҰҰ сотында реттеу туралы хаттамадан шығады.
АҚШ мемлекеттер арасындағы дауларды БҰҰ Халықаралық сотында шешуге міндеттейтін Вена конвенциясының факультативті хаттамасынан шығады. АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі Джон Болтонның хабарлауынша, бұл туралы шешімді президент Дональд Трамп қабылдады.

Хаттамаға қол қойған елдер Вена конвенциясына қатысты дауларды БҰҰ сотында шешуге міндетті. Бұдан бұрын Палестина автономиясы АҚШ-ты Израильдегі елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіру шешімі үшін халықаралық сотқа берген. Ол кезде Палестина билігі Иерусалим ерекше мәртебеге ие болғандықтан Вашингтон Вена конвенциясын бұзғанын мәлімдеген.

Болтон АҚШ хаттамадан Палестинаның шағымы бойынша шығатынын растады. Ол Вашингтон Вена конвенциясынан шықпайтынын айтады.

Ертеректе Вашингтон БҰҰ-ның палестиналық босқындарға көмек көрсететін Таяу Шығыс агенттігіне қаржы бөлуді тоқтататынын хабарлаған. АҚШ мұны палестиналықтардың Израильмен бейбіт келісім жасасу ниеті жоқтығымен және ХАМАС тобының бақылауындағы Газа секторында тәртіпсіздіктің күшеюімен байланыстырған.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.