31-10-18 |
1020 рет қаралған
«Адмирал Кузнецовті» жөндеудегі апат бойынша іс қозғалды
.
Ресей Тергеу комитеті Мурманскіде «Адмирал Кузнецов» авиа тасығыш кемесі жөнделіп жатқан қалқымалы док суға батып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық іс «кейбір жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережесін бұзып, оның абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыруы» бабы бойынша қозғалды. Ведомство сайтындағы ақпаратқа қарағанда, апаттан алдын-ала мәлімет бойынша төрт адам зардап шекті, бір адам із-түзсіз жоғалды. Бұған дейін зардап шеккен екі адамның жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған.

Қалқымалы док кемені теңізге түсіру кезінде электр тогы кернеуінің кенет өзгеруінен суға батқан. Біріккен кеме құрылысы компаниясының басшысы Алексей Рахмановтың ТАСС агенттігіне хабарлауынша, Ресейдегі жалғыз авиа тасушы кеме зақымданған. Кемеге 15 метр биіктіктен кран құлаған. Қазір бүлінген жердің ауқымы анықталып жатыр.

Ресей Қорғаныс министрлігі «Адмирал Кузнецовті» жөндеу туралы келісімге 2018 жылы сәуірде қол қойған. Келісім бойынша, кеме 2020 жылдың соңына қарай дайын болады. Бұған дейін БАҚ Сириядағы операцияларға қатысқан авиа тасығыш кемені жөндеуге және жаңалауға 60 миллиард рубль жұмсалатынын хабарлаған.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.