«Атажұрт ерікті жастары» ұйымының өкілдері Қазақстандағы адам құқықтары бюросы кеңсесінде өткізген жиынға ата-анасы Қытайда қамауда отырған, мектеп жасындағы елу шақты баланы алып келді.
Жиында балалар сөйлеп, Қазақстан билігінен, Сыртқы істер министрлігі мен халықаралық ұйымдардан Қытайда қамауда отырған әке-шешелерін босатуға араша сұрады. Бұдан соң «Атажұрт ерікті жастары» ұйымының белсенділері балаларға қайырымдылық ретінде қыстық киімдер таратып берді. Белсенділер жиынға Алматы қаласы мен қалаға жақын ауылдардағы балаларды ғана алып келгенін айтты. Жиынға келген балалар бірінің әкесі, бірінің шешесі қамауда отырғанын айтты.
Қытайда жергілікті қазақтардың қысым көріп жатқаны туралы 2017 жылдың сәуір айынан хабарлана бастаған. Былтыр Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы кезіндееуропалық қазақ Өмірхан Алтын бұл мәселені Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында көтерген.
Бұған дейін Шыңжаңның түрлі аудандарынан Қазақстанға көшіп келген қазақтар Алматыда кезек-кезек баспасөз мәслихатын өткізіп, Қытайда қамалған туыстарын босатуға биліктен және халықаралық қауымдастықтан араша сұраған. Қыркүйектің соңында Шыңжаңның Мұңғылкүре ауданынан көшіп келген қазақтар өткізген жиында прокуратура өкілдері келіп, мұндай жиын өткізуге болмайтыны туралы ескертіп кеткен.
Оқи отырыңыз: «Қытайда қамалғандардың балалары отбасына жіберілуі керек»
Қытайдағы этникалық азшылыққа қысым көрсетіліп жатқанынан өзге аз ұлттар өкілдері балаларының құқығы да халықаралық ұйымдардың назарына ілігіп, алаңдаушылық тудырған. Қытай елде «саяси-тәрбие лагерьлерінің» бар екенін мойындаса да, этникалық азшылыққа қысым жоқ деп келеді.
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024