25-02-21 |
1060 рет қаралған
Ақтөбеде газ баллоны жарылып, 11 жастағы бала көз жұмды.
Ақтөбеде газ баллоны жарылып, 11 жастағы бала көз жұмды

Мұғалжар ауылында үйге даладан кіргізілген газ баллоны жарылып, бір отбасы зардап шекті. Марқұм болған оқушының әкесі ауыр халде.

24 ақпан күні сағат 23:51-де Ақтөбе облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне Мұғалжар ауылы, Зауыт көшесіндегі үйде газ баллон жарылып, артынан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімі, полиция және жедел жәрдем бригадасынан 13 адам және 4 техника оқиға орнына дереу жетті. Өрт 80 шаршы метр жерді шарпыған.

«Оқиға кезінде 2010 жылы туған бала қайтыс болды. 1968 жылы туған үй иесі мен 1998 жылғы азамат әртүрлі дәрежедегі күйік алып, жедел түрде аудандық ауруханаға жеткізілді. Жарылыс салдарынан үйдің қабырғалары құлады. Қабылданған шаралар нәтижесінде сағат 03:20-да өрт толықтай сөндірілді», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазір облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасымен және облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауовтың басшылығымен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы жедел комиссия құрылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.