Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстанда пластик пакеттерден бас тарту ұсынылды.

/
Қазақстанда пластик пакеттерден бас тарту ұсынылды.

Пленарлық отырыста сенатор Сәуле Айтпаева елде пластик пакеттерді өндіруге шектеу қою керек екенін айтып, үкімет басшысы Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады. Ол 22 сәуір — Халықаралық Жер күні екенін еске салып, экологияны қорғау мақсатында іс-шаралар атқаруды ұсында.

-Еліміздің жерін пластик нысандардан, құрылыс басқа да қоқыстарынан тазарту бойынша акция өткізуге шақырамын: далаларда, саяжай аумақтарында, авто-темір жол тораптарында. Қалыңдығы 15 микроннан асатын пластик пакеттірді өндіруге, импорттауға және сатуға тыйым салу қажет, — деді сенатор.

Белгілі бизнесмен Марғұлан Сейсембай да өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында пластиктен бас тартуды ұсынды.

«Осы пластик жөнінде бұрыннан бері жүрген жерімде айтып жүрмін. Пластиктік қорап, ыдыс-аяқ және басқа түрлеріне тыйым салу керек.
Бұл шарамен еліміздің экологиясы мен туризіміне біз барлық үкімет бағдарламаларынан артық пайда келтіреміз.

Егер шынайы патриот болсаң, пластик қолдануға жоқ де! » деді бизнесмен.

View this post on Instagram

Пост на русском внизу.👇🏻 Патриотизм. Пластик, запрет. Осы пластик жөнінде бұрыннан бері жүрген жерімде айтып жүрмін. Пластиктік қорап, ыдыс-аяқ және басқа түрлеріне тыйым салу керек. Бұл шарамен еліміздің экологиясы мен туризіміне біз барлық үкімет бағдарламаларынан артық пайда келтіреміз. Егер шынайы патриот болсаң, пластик қолдануға жоқ де! __________________________ Давно ратую за полный запрет пластиковой упаковки, одноразовой посуды и пр.пластика. Нам как обществу нужно отказаться от использования пластика. Этим мы сделаем гораздо больше для нашей экологии и туризма чем любая гос.программа в этой сфере. Если ты патриот, скажи пластику нет! ___________________________ В Евросоюзе запретят использовать пластиковые вилки и тарелки Одноразовые пластиковые тарелки, вилки, ложки и соломенные трубочки будут запрещены в странах ЕС с 2021 года. Соответствующий закон одобрили депутаты Европарламента Подробнее на РБК: https://www.rbc.ru/society/28/03/2019/5c9c3f2a9a79477d1b6748c8?utm_source=fb_rbc

A post shared by Маргулан Сейсембай (@margulan_seissembai) on

Wikipedia онлайн энциклопедиясының ақпараттарына сүйенсек, 2018 жылғы мәліметтер бойынша, бүкіл әлемде жылына 380 миллион тонна пластика өндіріледі. 1950 жылдан бастап 2018 жылға дейін 6.3 миллиард тонна пластика өндірілді, оның 9%-ы өңделді, ал 12%-ы өртелді. Ал Қазақстанда 28,7 пайызы ғана қайта өңделген және адам өмірінде тұрмыстық шарттарда қайта қолданылады. Пластикалық қалдықтардың көп мөлшері қоршаған ортаға сөзсіз түсіп жатыр және зерттеушілердің болжамы бойынша теңіз құстарының 90%-ының ағзасында пластик бар.

Қоршаған ортаның полиэтилен пакеттерімен ластануына қарсы күресу үшін түрлі шаралар қолданылады және қазірдің өзінде 40-қа жуық ел пластикалық пакеттерді сатуға және(немесе) өндіруге тыйым салу немесе шектеу енгізді.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Экологиялық кодексінің 301-бабына сәйкес полигондарда пластмасса, пластика, полиэтилен қалдықтары және полиэтилентерефталат орамасы; макулатура, картон және қағаз қалдықтары; құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар; шыны сынықтары; түсті және қара металдар сынықтары; литий, қорғасын-қышқыл батареялары; электрондық және электр жабдықтары қалдықтарын көмуге тыйым салу енгізіледі.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тамақ қалдықтарын және құрылыс материалдарының қалдықтарын полигондарда көмуге тыйым салынады.

Серіктес жаңалықтары