03-10-18 |
3820 рет қаралған
Қазақстанда рецептсіз дәрі-дәрмек сатуға тыйым салынады.
Қазақстанда рецептсіз дәрі-дәрмек сатуға тыйым салынады

«2020 жылға қарай барлық дәрі-дәрмекті рецептсіз сатуға тыйым салмақпыз» -деп жариялады ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет кулуарында берген сұхбатында.

«Дәрігердің рұқсатынсыз сатылып жатқан дәрілерге қатысты мәселе өте күрделі деп айтуға болады. 2020 жылға қарай осы проблеманы шешуді жоспарлап отырмыз. Өкінішке қарай, бізде сатып алушылар өздерінің симптомдарын тізбектеп айтып береді де ондағы сатушы, негізінде медициналық қызметкер де емес, оларға дәрілерді береді. Күшті әсері бар препараттарды да сатып жатады», – деді Е. Біртанов.

Бірақ министр, құзыретті мекемелер барлық дәріханаларды тексеруге құқылы емес екенін жеткізді. Сондай-ақ, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрі-дәрмектерге шектік баға белгіленеді.

«Норматив базаны қайта қарап, дәріханалардың қызметіне қатысты бақылауды күшейтеміз. Оның ішінде препараттарды рецептсіз сатуға тыйым салу мәселесі де бар. Дәрі-дәрмектердің бәрі рецепт бойынша ғана берілуі тиіс. Өкінішке қарай, қағазда көрсетілген рецепт дұрыс тексерілмейді»

arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.