26-11-18 |
2260 рет қаралған
Қазақстандық оқушы халықаралық емтиханнан ерекше нәтиже көрсетті.
Қазақстандық оқушы халықаралық емтиханнан ерекше нәтиже көрсетті

Алматы қаласындағы физика-математика бағытында білім беретін Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Ақназар Қажымұрат ACT және SAT Subject Tests халықаралық емтиханынан максималды – 36/36 және 2400/2400 балл жинады. Бұл туралы Назарбаев зияткерлік мектебінің Facebook әлеуметтік желісінегі ресми парақшасында жарияланды, – деп хабарлайды arasha.kz.

ACT (American College Testing) емтиханын америкалық оқушылардың көбі елдегі жоғары оқу орындарына түсу үшін тапсырады. Ең беделді университеттер ACT бойынша 30-36 балл жинаған үміткерді қабылдайды. АҚШ-та оны тапсыратындардың тек 0,1 пайызы 36 балл ала алады. Ал басқа елдерде ең жоғары балл көрсететіндендер өте аз. Ал бұл тестілеудің орташа көрсеткіші 21,1 балл болып бағадланады.
SAT Subject Test – АҚШ-тың беделді университетіне түсу үшін негізгі пәндердің бірінен тапсырылатын емтихан. Тесттің мақсаты бес бағыттың бірі бойынша білім деңгейін анықтау. Ақназар математика, физика және биология пәндерін тапсырып, максималды 800 балл жинаған. Ғылыми пәндер бойынша ең жоғарғы ұпайдан бөлек, оқушы IELTS халықаралық емтиханында 8.0 балл жинады.

Ақназардың ерекше нәтижесі оған әлемнің ең үздік университеттеріне жол ашып отыр. Зияткерлік мектептің болашақ түлегі Гарвардта оқуды жоспарлап отыр, қазіргі таңда қабылдау комиссиясының шешімін күтіп жүр», – деп жазылған Назарбаев Зияткерлік мектебінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.