22-10-19 |
1830 рет қаралған
Қазақстанның «қожайыны» кім?.
Қазақстанның «қожайыны» кім?

70% -дан аса қазақстандықтар президент бастамалары тұрғындардың және мемлекетегі тұрмыс-жағдайдың жақсаруына ықпал ете алады деп есептейді. Бұл туралы Еуразиялық интеграция институты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметіне халықтың көзқарасын анықтау мақсатында тұрғындар арасында сауалнама жүргізу арқылы анықтаған. Алайда саясаттанушы Досым Сәтпаев болса президенттің ықпалын керісінше төмен бағалайды.

Институт сауалнамасы елдің 14 облыс орталықтары мен ауылды жерлерінде және Республикалық маңызға йе үш қалада – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, 18 жастан асқан азаматтар арасында жүргізілген.

ЕИИ дерегі бойынша Қазақстанда халықтың 70,3% Қ. К. Токаевты президент ретінде қолдайды екен, тұрғындардың 74,9% мемлекет басшысына сенім білдірген. Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі Тоқаевтың президенттік қызметіне көңілдері толады деп жазады институт.

Еуразиялық интеграция институты 2011 жылы үкімет жарлығымен Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің жанынан құрылған.

Еске салсақ, 9 қазанда президент Қ.Тоқаев қол қойған №184 жарлық күшіне енді. Жарлық бойынша әкімдер мен министрлер, күштік құрылым басшылары және тағы көптеген мемлекеттік лауазым иелерін тағайындау қауіпсіздік кеңесінің келісімімен ғана жүзеге асады. Ал қауіпсіздік кеңесінің төрағасы елбасы Н.Назарбаев.

Бұл мәселе қоғамда қызу талқыға түскен болатын. Көпшілік арасында президент Тоқаевтың мемлекетте ықпалын бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтан төмен деген пікірлер тарады. Белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев та өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірген. Ол Назарбаев билікте қалу үшін формалды түрде кетті деген пікірде.

-«Аймақтар мен орталықта өз командасы мен көптеген жақтастарының болмауы Тоқаевты әлсіз етеді және оны басқару оңай болады. Н.Назарбаевпен республикалық деңгейдегі облыс, қала, астана әкімдерін тағайындауды ақылдасуы таңқалатын дүние емес. Ол аймақтардағы элиталар ішінен қолдаушылар шықпас үшін жасалады. Ал президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшыларын тағайындау  да қауіпсіздік комитеті төрағасымен келісілуі 19 наурызда-ақ белгілі болған. Себебі президент аппаратының басшысы, бас прокуратура,ҰҚК, жемқорлыққа қарсы агенттік және басқа да қызметтер – негізгі лауазымдар. Бірақ бұлар Тоқаевтың жарлығының «мықты прездент, ықпалды парламент және есеп беретін үкімет» тезисіне қайшы келетіні анық, өйткені бюрократиялық билік «үйдің қожайыны кім екендігі» туралы нақты сигнал алып тұр. Және бұл Тоқаев үшін жақсы емес, себебі аппаратты басқару мүмкіндігі тіпті азаяды, бұл айтылған міндеттер мен шешім қабылдауда қасақылықты арттырады. Басқа жағынан қарасақ, қазіргі  кадр жүйесі  карта үйі сияқты шашылып қалуы мүмкін. Оның себебі  іргесі иллюзияға құрылған, біртүрлі конструкцияның детонатрын бірінші президент өзі құрды. Мемлекет басқарудың тиімділігін ұлғайту мақсатында азаматтардың сенімі мен адалдығын арттыру емес, ішкі элиталар мүдделерінің дәстүрлі балансына негізделген», -дейді Досым Сәтпаев.

№184 жарлық: Назарбаевтың келісімін алмай Тоқаев шешім қабылдамайды

Ал президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли аталған жарлыққа қатысты ресми түсініктеме берген еді.

“Кейбір Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері маған Мемлекет басшысының 2019 жылдың 9 қазанындағы «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығына түсіндірме беру жөнінде өтініш жасады.
Осы құжат БАҚ беттерінде түрлі пайымдар мен пікірлер туғызды. Менің ойымша, бұл Президенттің «кезекті» Жарлығы. Бұл құжатқа 2018 жылғы шілдеде қабылданған Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа заңның ережелеріне сәйкес қол қойылды. Аталған алқалы органның өкілеттілігін күшейту заңға сәйкес қарастырылады. Ал оны Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев өмір бойы басқарады.
Мемлекеттің лауазымды тұлғаларын тағайындау туралы келісім тәртібі іс жүзінде Президенттің барлық кадрлық мәселелер бойынша өз бетінше шешім қабылдауына кедергі келтірмейді. Елбасының өзі «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында: «Тоқаев менімен ақылдасады. Бірақ өзі шешім қабылдайды» деген болатын. Президент Конституция бойынша еліміздің Жоғарғы Бас қолбасшысы және ол Үкіметті жасақтайды. Мемлекет басшысы – облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін жергілікті мәслихаттардың келісімдерімен тағайындайтын жоғары лауазымды тұлға. Сондай-ақ Президенттің құзыреті Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-48 баптарында анық көрсетілген”, – деді Берік Уәли.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.