Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады.
Бас мүфти Құрбан айтта орындалатын негізгі ізгі амалдың бірі – құрбан шалу екенін атап өтті. Сол себепті айт күндері халық тарапынан мал сатып алуға сұраныс артады.
«Осы ретте еліміздегі барша шаруа қожалықтарының қожайындарын ұлық мейрам – Құрбан айттың құрметіне мал құнын шарықтатпай, халыққа оңтайлы бағаны ұсынуға шақырамын. Сонымен қатар, барша кәсіпкерді тұрғындар күнде тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеймін», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Ол Құрбан айттың негізгі мәні мұсылмандар арасында өзара мейірімділік, жомарттық, қайырымдылық, қанағат сынды адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру екенін айтты.
Жаратушы Иеміз Құранда: «Өздерің жақсы көрген нәрсені Алла жолына жұмсамайынша игілікке жетпейсіңдер» («Әл-Имран» сүресі, 92-аят) деп баяндаған. Сауаптар еселеніп жазылатын сәттерде Алла разылығы үшін елдің жағдайын ескеріп, тауар бағаларына жеңілдік жасап, әр отбасыға қуаныш пен мерекелік көңіл күй сыйлауға тырысайық, деді бас мүфти үндеуінде.
Сондай-ақ Тағанұлы ҚМДБ қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлердегі шаруаларға қолдау көрсету үшін «Қиындықта ел бірге» атты қайырымдылық акциясын бастағанын мәлімдеді. Акция аясында Қызылорда, Маңғыстау облыстарына жем-шөп жөнелтіледі.
Бас мүфти қазақстандықтарды осы игі іске үлес қосуға шақырды.
Биыл барша мұсылманның ұлық мерекесі – Құрбан айт 20-22 шілдеге түсіп тұр. Құрбан айттың бірінші күні 20 шілде – демалыс.
-
18.05.2024
-
18.05.2024
-
18.05.2024
-
18.05.2024
-
18.05.2024
-
18.05.2024
-
17.05.2024
-
17.05.2024
-
17.05.2024